Таң намазы

Екі рәкат сүннет

Таң намазы 4 рәкаттан тұрады: 2 рәкат сүннет және 2 рәкат парыз.
Ескерту: Сүннет намаздарының тәкбірлері, тасбихтары, сүрелері және дұғалары түгелдей жасырын оқылады.
Уақыт кірісімен, дәрет алынып дайындық жасалады. Жүзді құбылаға қаратып, Таң намазының екі рәкат сүннетін оқуға ниет етіледі.
1-ші рәкат
Уақыт кірісімен, дәрет алынып дайындық жасалады. Жүзді құбылаға қаратып, Таң намазының екі рәкат сүннетін оқуға ниет етіледі.
1
НИЕТ
Ниет «Таң намазының екі рәкат сүннетін оқуға ниет еттім» – деп, іштей айтылады. Жүрекпен ниет ету – парыз, тілмен айту – мұстахап.
2
ТӘКБІР
Екі алақанын құбылаға қаратып, басбармақтары құлағының сырғалығына дейін келетін етіп қолдарын көтеріп, «Аллаһу әкбар» (Алла ең ұлы!) сөзін айтып, тәкбір алады да қиямға тұрады.
3
ҚИЯМ
Оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен кішкентай саусақпен сол қолдың білегін қапсыра ұстайды. Қос қол кіндіктен төмен тұсқа байланады.
Қиямда қатарымен төмендегілер оқылады:
1) Субханәкә
سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَ بِحَمْدِكَ وَ تَبَارَكَ اسْمُكَ وَ تَعَالَى جَدُّكَ وَ لاَ اِلاَهَ غَيْرُكَ
«Субханәкә Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смука уә тә'ала жәддукә уә лә иләһә ғайрук»
Мағынасы: Уа, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.
2) «Ә’узу» мен «бисмиллаһ»
أَعُوذُ بالله مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ
بسم الله الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
«Ә’узу биллаһи минаш-шайтанир-ражим, Бисмиллаһир-рахманир-рахим»
Мағынасы: Қуылған шайтанның (азғыруынан) Аллаға сыйынамын! Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
3) Фатиха сүресі
Фатиха сүресі оқылады және артынша бір сүре немесе кемінде үш аят оқылады
4
РҮКҮҒ
Осыдан кейін «Аллаһу әкбар» деп рүкүғке барады.

Саусақтарының арасын ашық ұстап, қолды тізенің үстіне қояды. Бас пен арқа бір деңгейде болып, аяқты түзу ұстайды. Көз аяқтың ұштарына бағытталуы тиіс.

Рүкүғ кезінде «субхана раббиял азим» (Ұлы Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!) деп үш мәрте тәсбих айтады.
«Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (Алла мадақ айтқан құлын естіді!) деп рүкүғтан тұрады. Тұрғаннан кейін «раббәнә уә ләкәл-хамд» (Уа, Раббымыз! Барша мадақ тек саған лайық) сөзі айтылады.
5
СӘЖДЕ
Содан соң «Аллаһуәкбар» деп сәждегебарады. Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін маңдай мен мұрын жерге тиеді.

Сәждеде шынтақтарын ашып, жерге тигізбей ұстайды. Аяқ ұшымен жер тіреп, аяқтар құбылаға бағытталады.

Сәждеде «субхана раббиял а’ләә» (Аса Ұлық Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!)  деп үш мәрте тәсбих айтады.
6
ЕКІ СӘЖДЕ АРАСЫНДАҒЫ ОТЫРЫС
Сонан соң «Аллаһу әкбар» деп басын сәждеден көтеріп тізерлеп отырады. Отырғанда «субханаллаһ» сөзі айтылатындай қысқа уақыт кідіреді. Қолымыздың ұшы тізеге тиіп, санның үстіне қойылады.

Сол аяғын жайып, үстінеотырады. Оң аяғын тікұстап, құбылаға бағыттайды.
Бұдан соң «Аллаһу әкбар» деп екінші мәрте сәждеге барады, сәждеде «субхана раббиял а’ләә» деп үш мәрте тәсбих айтады.
2-ші рәкат
7
ҚИЯМ
Екінші сәждеден кейін «Аллаһу әкбар» деп, алдымен басын көтеріп, сонан соң қолымен тізесін таянып қиямға тұрады.

Қиямда кезегімен төмендегілерді оқиды:
1) «Бисмиллаһ»
2) «Фатиха»
3) Құраннан бір сүре немесе ең азы үш аят.
8
РҮКҮҒ
Осыдан кейін «Аллаһу әкбар» деп рүкүғке барады.

Рүкүғ кезінде «субхана раббиял азим» (Ұлы Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!) деп үш мәрте тәсбих айтады
«Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (Алла мадақ айтқан құлын естіді!) деп рүкүғтан тұрады. Тұрғаннан кейін «раббәнә уә ләкәл-хамд» (Уа, Раббымыз! Барша мадақ тек саған лайық) сөзі айтылады
9
СӘЖДЕ
Содан соң алдыңғы рәкаттағы секілді «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін маңдай мен мұрын жерге тиеді

Сәждеде «субхана раббиял а’ләә» (Аса Ұлық Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!) деп үш мәрте тәсбих айтады.
10
ЕКІ СӘЖДЕ АРАСЫНДАҒЫ ОТЫРЫС
Сонан соң «Аллаһу әкбар» деп басын сәждеден көтеріп тізерлеп отырады. Отырғанда «субханаллаһ» сөзі айтылатындай қысқа уақыт кідіреді. Қолдың ұшы тізеге тиіп, санның үстіне қойылады.

Бұдан соң «Аллаһу әкбар» деп екінші мәрте сәждеге барады, сәждеде «субхана раббиял а’ләә» деп үш мәрте тәсбих айтады.
11
СОҢҒЫ ОТЫРЫС
Сонан соң «Аллаһу әкбар» деп басын сәждеден көтеріп тізерлеп отырады. Қолдың ұшы тізеге тиіп, санның үстіне қойылады.

Отырғанда кезегімен төмендегілерді оқиды:
1) Әт-тахият
اَلتَّحِيَّاتُ لِلَّهِ وَ الصَّلَوَاتُ وَ الطَّيِّبَاتُ* اَلسّلاَمُ عَلَيْكَ اَيُّهَا النَّبِىُّ وَ رَحْمَةُ اللَّهِ وَ بَرَكَاتُهُ* اَلسَّلاَمُ عَلَيْنَا وَ عَلىٰ عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ*
اَشْهَدُ اَنْ لاَ اِلاَهَ اِلاَّ اللّهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَ رَسُولُهُ
Әт-тахияту лилләһи уас-салауаату уа-таййбәәт, әс-сәләәму ’аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму ’аләйнә уа ’алә ’ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ’абдуһу уә расуулуһ»